$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Израиль Ливанға да шабуыл жасады

AstanaTV
17.06.2025ж. 10:02
69
Израиль Ливанға да шабуыл жасады
Фото: global look press

Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранға бағытталған шабуылдардың жаңа толқыны аясында Ливан аумағына да соққы бергенін хабарлады. Бұл туралы мәлімет ведомствоның ресми Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды turkustan.kz.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шабуыл Ливанның оңтүстігіндегі Хоул қаласы маңында жүзеге асырылған. Олар «Хезболла» ұйымының мүшесін нысанаға алған. ЦАХАЛ деректеріне сәйкес, операция сәтті аяқталған. Дегенмен, ұйым өкілінің аты-жөні, лауазымы мен операцияның басқа да егжей-тегжейлері әзірге жария етілген жоқ.

Бұған дейін Израильдің Иран аумағына жасаған соққылары салдарынан кем дегенде 1 800 адам зардап шеккені хабарланған. Олардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар. Сонымен қатар, 16 маусым күні Израиль күштері Иранның мемлекеттік телерадиокорпорациясының штаб-пәтеріне соққы берген. Бұл шабуыл тікелей эфир кезінде жүзеге асқан.

Аталған оқиғаларға байланысты Ресейдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Израильдің әрекетін айыптады. Министрлік "Израиль өзін жазасыз сезініп отыр" деп атап өтті.