$517.45 €598.59 ₽6.58
×

WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

AstanaTV
17.06.2025ж. 12:43
79
WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

WhatsApp мессенджерінде "Маңызды" (Актуальное) бөлімінде үш жаңа функция қолжетімді болатынын өзінің блогында мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Қазір ол жерде "Статустар" мен "Каналдар" бөлімі бар.

Енді WhatsApp-та каналдарға ақылы жазылу, оларды каталогта алға жылжыту және статуста жарнама орналастыру мүмкіндіктері енгізіледі. 

Жарнама көрсету үшін пайдаланушылардың шектеулі мәліметтері қолданылады. Яғни, қолданушының қаласы, тілі, олар жазылған каналдар және жарнамамен өзара әрекеттесу туралы ақпарат. Сонымен қатар Meta-ға тиесілі басқа аккаунттардан алынған деректер де пайдаланылуы мүмкін.

Пайдаланушының жеке қоңыраулары, хат алмасулары мен қатысып отырған топтары бұл жаңашылдықтарға қатысы болмайды. Олардың деректері жарнама көрсету үшін қолданылмайды.

Жаңа функциялардың нақты қашан пайда болатыны айтылмағанмен, олардың "жақын арада" іске қосылатыны жазылған.