Қытай -еліміздегі ең ірі бес инвестордың бірі. Бұл екі мемлекет арасындағы экономикалық- саяси сенімнің жоғары деңгейде екенін аңғартады. Бүгінгі Саммит жаңа келісімдер мен тың жобаларға жол ашып, еліміздің экономикасына пайда әкелетін шешімдердің бастамасы болмақ дейді Сенат депутаты.
АЛИШЕР САТВАЛДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Негізінен бүгінгі заманның талаптарының өзі мемлекет қоршауланып, шектеліп, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарын үзіп ешқандай пайда таппаймыз. Бүгінгі таңда біз өзіміздің экономикамызды ойлауымыз керек. Біз өзіміздің қауіпсіздігімізді ойлауымыз керек.
Қазақстан мен Қытай арасындағы "Бір белдеу – бір жол" бастамасы стратегиялық маңызға ие. Еліміз Азия мен Еуропаны жалғайтын маңызды транзиттік хаб саналады. Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша өтіп жатқан шара елімізге логистикалық, инфрақұрылымдық тұрғыда жаңа мүмкіндіктер ашады.
ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Осындай халықаралық ұйымдар арқылы біз орта Азияда ең бастысы әлеуметтік экономикалық мәселелерді тұрақтандыру. Екінші әртүрлі қақтығыстар болып жатқан кезде, әртүрлі қиын-қыстау болып жатқан кезде экономиканы ретке келтіру және сонымен қатар осы Орта Азияның қауіпсіздігін сақтау мақсатында осындай форматтар бізге қажет.
Халықаралық саясатта аспан асты елі көп мемлекетке бара бермейді. Қытай Президентінің елімізге ат басын тіреп, ел үшін маңызды шешімдерді бірге қабылдауы Қазақстанға деген үлкен сенімін білдіреді дейді Мәжіліс депутаты. Айтуынша, бұл серіктестікті барлық салада тиімді пайдалануымыз керек.
БОЛАТ КӘРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз көрші болып отырып, бұл елдің қызығын, бұл елдің мүмкіндігін дұрыс пайдалана алмасақ дүниежүзі өздеріңіз білесіздер Қытаймен баяғыда сауда-саттық жолын қойып, Қытайдың тауары да, өндірісі де, технологиясы да әлемді жаулап алған. Сондықтан біз қазіргі заманның шынайы көзқарасына, қазіргі заманның талабын ескере отырып, Қытаймен достық қатынаста, сауда-саттық қатынаста байланысымызды арттыра беруіміз керек.