$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Шымкент тұрғыны сүйіктісін қорлап, өлтірген

Шымкент тұрғыны сүйіктісін қорлап, өлтірген

Шымкент тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызды пышақтап, мәйітін қапқа салып тастап кеткен. Биыл наурыз айында болған аса ауыр қылмысқа қатысты  сот отырысы басталды. Айыпталушы --2005 жылы туған студент. Ол  бұл қылмысқа сүйгенінен айрылғысы келмегендіктен барған көрінеді. Қызды соңғы кездесуге көндірген жас жігіт жалға алған көлікпен келген.  МАшина жүргізуді үйретемін деп қаланың сырт жағына беттепті. Алайда сөздері жараса қоймаса керек. Күдікті бірнеше жерінен пышақ сұққан. Өлгеніне көзі жеткесін мәйітті шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Мұнан соң мәйіттен құтылу үшін ол оқиға болған жерге өзінің досын шақырады. Құрдасының сұрануымен ала шыққан қапшықты бас-аяғына кигізіп,  марқұмның денесін қала сыртына апарып тастап кеткен. Жантүршігерлік қылмыс бойынша сотқа айыпталушының досы да тартылып жатыр. Кәмелетке толмаған адамды өлтіргені және мәйітті қорлағаны үшін айыпталып отырған жігіт алғашқы сот отырысында өз кінәсін жартылай ғана мойындады. 

ӘСКЕРБЕК ПОШИМОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:


Соңы өлімге алып келетінін болжап және осындай нәтиженің болуын қалап, аталған пышақпен денесінің сол жақ көкірек тұсына бір рет, арқа тұсынан екі рет соққы жасаған. Соңына дейін жеткізу және Ерланқызының өлгеніне сенімді болу үшін қыздың мойын аймағын сол қолындағы пышақпен бірнеше рет жарақат салып, оның өлгеніне көзін жеткізген.