$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Қызылжарда есірткіні жасайтын дәрілік заттар кедергісіз сатылып келген

17.06.2025ж. 20:00
61
Қызылжарда есірткіні жасайтын дәрілік заттар кедергісіз сатылып келген

Қызылжарда есірткі жасайтын дәрілік заттар кедергісіз сатылып келген. Полицейлер тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бірқатар олқылықты анықтады. Облыс орталығындағы бірнеше дәріхана психотроптық препараттар мен прекурсорларды рецептсіз сатып отырған. Сондай-ақ, оны сақтауда да біраз ағаттыққа жол берілген. Тексерістің нәтижесінде 8 дәріхана жауапқа тартылды. 

ВАЛЕНТИНА ЖҰМАҒҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 
Маусымның 13-16 аралығында Петропавлда “Дәрмек” жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Дәріге қатысты ағаттық жібергендердің арасында екі аурухана да бар. Жалпы мұндай шаралар тоқсан сайын өткізіліп отырады.