16 миллион қазақстандықтың жеке деректері желіге ашық тарап кетті. Арасында азаматтардың аты-жөні, туған күні, ұлты, жынысы, тіпті ЖСН нөмірі мен мекен-жайы бар. Болжам бойынша ақпарат ішінде стоматология, емхана, университет сияқты ұйымдардың тұрғылықты орындары жиі кездеседі. Деректер қалай тарап кеткені әзірге белгісіз. Жауапты министрлік мәселені бақылауға алған. Тексеру аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау ерте дейді.
МУКАШЕВ НУРБОЛ, ҚР ЦДИАӨМ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес екенін, яғни жеке меншік ақпарат жүйелерінен екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хаккерлік шабуылдар нәтижелері тіркелген жоқ. Тексеріс толық аяқталғанға дейін қандайда бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растау әлі ерте.