$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Диплом бар, мамандық жоқ: Жастар неге өз саласы бойынша жұмыс істемейді?

AstanaTV
17.06.2025ж. 20:00
56
Диплом бар, мамандық жоқ: Жастар неге өз саласы бойынша жұмыс істемейді?

Диплом бар, мамандық жоқ. Елімізде жоғары оқу орнын бітірген жастардың басым бөлігі бітірген мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған не себеп? Тілшіміз Назерке Алтынбек тұрғындардан сауалнама алып, мән-жайды зерделеп көрді. 

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:


Елімізде  жоғары оқу орнын тәмамдағандардың көпшілігі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл — ресми статистика емес, десе де жиі байқалатын үрдіс. Бүгін біз қарапайым халыққа  «Сіз қандай мамандық бойынша білім алдыңыз, және қазір немен айналысып жүрсіз?» деген сұрақ қоямыз. Ашық микрофон форматында өткен сауалнамада тұрғындар өз тәжірибелерімен бөліспек. Жауаптарын бірге тыңдайық.


БЛИЦ: 

- Аймақтану мамандығы бойынша бітірдім. Қазір гештайльт-психолог болып жұмыс істеймін. 
- Біз Қазақстанда тұрғанда, комбанер, тракторист болдым. Қазір Германияға көшіп, балабақша бизесімен айналысамын.  
- Мед.колледжде оқыдым қазір старший медсестра болып жұмыс істеймін. 
- Инженер мамандығын бітірдім, сосын өз бизнесімді аштым, яғни мамандық бойынша істемеймін.


Сауалнама нәтижесінде көп адамның мамандығы бойынша жұмыс істемейтіні  байқалды. Қала тұрғыны Қарагөз Қасым да филологияны сүйіп таңдағанымен, уақыт өте бұл салада өзін таппағанын айтады.

ҚАРАГӨЗ ҚАСЫМ, САТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:


Мен көп уақыт бойы аударма ісімен айналыстым. Яғни ағылшын- қазақ тілдерінде. Одан кейін баспа үйінде істедім. Қазіргі уақытта мен сату бөлімінде істеймін. Себебі бұл жақта ақша көп. Ғылыммен айналысқанға қарағанда шынымен көбірек ақша табамын. Копиталисттік өмірде өмір сүргеннен кейін ертеңімді ойлау керек. 


НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛІШ:


Соңғы жылдары жоғары оқу орнын аяқтаған түлектердің біразы шетелге қара жұмыс істеуге кетіп жатыр. 2023 жылы – 191 мың, ал 2024 жылдың өзінде 140 мыңнан астам қазақстандық шекара асып, жұмыс іздеуге кеткен. Бұның өзі жастардың мамандығы бойынша еңбек етуге деген қызығушылығы төмен екенін көрсетеді.


Мамандық таңдаудағы тағы бір үлкен мәселе – ата-ананың қысымы, мемлекеттік грантқа ілігу үшін амалсыздан таңдалған бағыт немесе достарға еліктеу. 

ДИНАРА ОСПАНОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОФОРИЕНТАТОРЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ:
 

Біздің қоғамда көп адамдар заңгер, қаржыгер-экономист, мұғалім, дәрігер сынды мамандықтарды көп таңдап жатады. Бірақ та осы мамандық бойынша, ары қарай жұмыс жасайды ма, жасамайды ма ол да бір өзгеше сұрақ. Менің кеңесім , кез-келген мамандыққа бару үшін, адам ішінара өзінің қабілеттерін психологиялық тұрғыда зерттеп бару керек. 


Мамандық таңдау – болашақ тағдырды айқындайтын маңызды шешім. Ал жастарға бағыт-бағдар беру, кәсіби бағдар жүйесін дамыту – ежелден келе жатқан өзекті мәселе.