Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс тоқтауы үшін Аятолла Хаменеи өлу керек. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осылай деді. Әуе күштерінің Иранға шабуылы толастар емес. Тіпті, үдеуі мүмкін. Себебі, Дональд Трамп: «Тегеран тұрғындарын эвауациялау керек», - дейді. Трамп бұнымен тоқтап қалмады. Канададағы «Үлкен жетілік» саммитіне барған Ақ үй басшысы Ресейді осы ұйымнан шығарып тастамағанда қазіргі соғыс болмайтын еді, - деп күйінді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Аятолланы өлтіріп, Иран халқына бостандық сыйлаймыз. Сонда ғана қақтығыс тоқтайды. Израиль Премьер-министрі осылай қорқытты. Биньямин Нетаниьяху бастапқыда-ақ, Иран басшысын өлтірмек болған. Алайда, Дональд Трамп қарсы болып, рұқсат бермеді деген ақпар шыққан еді. Алайда, Нетяньяху райынан қайтпаған. Күнделікті Иранға ұшып барып, ядролық нысандарды бомбылап жатқан ұшқыштармен кездесуінде, осындай мақсат бар екенін жасырмады.
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Осы режимнің кесірінен бүкіл Таяу Шығыста жарты ғасырлық кикілжің жалғасып келе жатыр. Ешкімге күн бермей жатыр десем артық айтқаным емес. Сауд Арабиясының мұнай кен орындарын да бомбылағанын білесіздер. Иран басшылығы терроризм мен соғысты жайып келе жатыр. Ал енді әлемді ядролық соғыс алдында қалдыруы мүмкін. Сондықтан, ең жоғары басшылықты өлтірмейінше бұл проблема шешілмейді.
Күні кеше Израиль Иранның бас телеарнасының ғимаратын жермен-жексен етті. Трамп болса, Тегеран халқына қаладан кетіңіздер, - деп үндеу жариялады. Оның айтуынша, Иранда ядролық қару болмауы керек.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Иран мен ұсынған шартқа қол қоюы керек еді. Енді босқа адамдар өліп жатыр. Мен нақты айтқанмын: «Иранда ядролық қару болмауы керек». Барлық бейбіт тұрғындар Тегераннан қашсын.
Егер алдыңғы Президенттер Ресейді «Үлкен сегіздіктен» қуып жібермегенде, қазіргі соғыс болмайтын еді. Дональд Трамп, осылай деп Үлкен жетілік елдерін сынға алды. Канададағы «Джи 7» саммитіне келген АҚШ Президенті Ресейді қабылдап, жағдайды түзету мүмкін емес. Себебі, енді тым кеш екенін айтуда.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
2014-і жылы ресейді қуып жіберу үлкен қателік болды. Сол кездегі АҚШ әкімшілігі де үлкен ақымақтық жасады. Қазір енді тым кеш. Қаншама адамның өмірі қиылып, сұмдық соғыс жүріп жатыр. Өзге елдердің де сол кездегі әрекетін түсіне алмадым.
Енді 36 ел азаматтары АҚШ аумағына кіре алмайды. Олардың ішінде Қырғызстан да бар. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің ресми мәлімдемесінде 36 елдегі қауіпсіздік деңгейі өте төмен екендігі және антисемиттік көзқарас қалыптасқанын жазған.