Қызылордада биыл құқық бұзушылық 7 процентке төмендеген. Мамандар әсіресе, нашақорлық, лудоманиямен күрес күшейтілгенін айтады. Бұл мақсатта жаңа технологиялардың қызметіне басымдық беріліп, ІТ саласы мамандарымен біріккен жаңа жобаларды жүзеге асыруда. Соның негізінде құқықтық кеңес беретін чат-боттар іске қосылған. Ал жасөспірімдердің жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы үшін уақыттарын тиімді өткізу мәселесіне басымдық берілуде. Аймақта соңғы жылдары спорт, шығармашылық нысандар көптеп салынып жатыр.
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Полиция прокуратурамен бірге қай жерде қандай да бір қылмыс көбейсе ол жер тек қана бақылап шектеу емес, ол сол жерге балалар ойнайтын алаңдарды салу, театр ашу, сол жерге кітапхана ашу. Сол арқылы болдырмау мәселесіне, алдын алу мәселесіне көп көңіл бөлуде. Менің ойымша ол өз нәтижесін жақсы беріп жатыр.