$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Қазақстанның "100 кітап" жобасы аясында сауалнама жалғасуда

17.06.2025ж. 20:00
68
Қазақстанның "100 кітап" жобасы аясында сауалнама жалғасуда

Қазақстанда ұлттық әдебиеттің озық туындыларын анықтауға бағытталған жалпыхалықтық сауалнама жалғасып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен 16 мыңнан астам азамат дауыс беріп үлгерген «100 кітап» жобасы – Ұлттық құрылтайдың бастамасымен биыл алғаш рет аталып өткен Ұлттық кітап күні аясында іске қосылды. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Қорытынды тізім Абай күні – 10 тамызда жарияланады. Жоба мақсаты – қазақстандық оқырмандар арасында кең танылған, көркемдік деңгейі жоғары шығармаларды анықтау ғана емес, сондай-ақ ұлттың әдеби мұрасын дәріптеу, кітап оқу мәдениетін дамыту. Сауалнама eGov Mobile қосымшасында онлайн форматта өтіп жатыр. Әрбір азамат өзінің таңдаулы 10 кітабын, авторларымен бірге ұсынуға мүмкіндік алады. 

РАИСА САЙРАН ҚАДЫР, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Өте тамаша жоба деп ойлаймын. Өйткені біздің халқымыздың арасында осындай қазіргі замандағы біздің замандастарымыз өзіміздің халық арасында сүйіп оқитын жазушыларды анықтау.