Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әкесіне тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, 65 жасқа толған әкесі бұл туралы мүлде білмеген. Қуанышты сәт жайлы ол Instagram парақшасында жариялады.
«65 жасқа толған әкеміздің туған күніне арнап оған үлкен тосынсый жасауды шештік. Бұл ерекше күнді есте қаларлықтай ету үшін әкеміздің достарын, сыныптастарын, курстастарын, аға-жеңгелерін, іні-қарындастарын, туыстарын шақырдық. Ол бұл жайлы мүлде білмеді. Ол шын мәнінде таңданып, қуанып қалды. Бәріміз бірігіп жасаған мерекелік кешіміз өте керемет өтті», – дейді Аша Матай.
Туған күн иесі залға кіріп келгенде оны 170 қонақ ду қол шапалақпен қарсы алған.
Әнші бұл кеш отбасы үшін ұмытылмас естелікке айналғанын айтты.