Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк ипотека бойынша шекті мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға төмендету туралы шешімнің уақытша күшін жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми хабарламада агенттіктің ипотека бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2025 жылдың 1 қарашасына дейін 25% деңгейінде ұстап тұратыны көрсетілген. Бұл шешім банктерге ипотека шарттарын және банк жүйелерін қайта қарау, сондай-ақ ішкі құжаттар мен жарнамаларды жаңарту үшін уақыт беру мақсатында қабылданған.
"Екінші нарықтағы үйлерге сұраныс төмендейді": Ипотеканың шекті мөлшерлемесінің төмендеуіне қатысты мамандар пікір білдірді
Қазақстанда кейбір банктер ипотека беруді тоқтатты
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 20%-ға дейін төмендетілгені туралы жазған едік. Жаңа норма 16 маусымнан бастап күшіне енуі тиіс еді.