Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 маусымда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батысқа жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысыңың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.