$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Азия үздіктері Астанаға жиналады

AstanaTV
18.06.2025ж. 12:17
35
Азия үздіктері Астанаға жиналады

Азия үздіктері Астанаға жиналады. Байрақты бәсеке алдағы айда, яғни, шілденің 4-і мен 10-ы аралығында өтеді. Бұл туралы SM телеграм каналы жазды.

Жасөспірімдер мен жастар бәсекесіне 27 елден 300-ге жуық қатысушы жиналады деп күтіліп отыр. Қазақстандық қыз-жігіттер барлық жас деңгейінде және барлық салмақта сынға түседі. Яғни, 32 спортшымыз жүлдеге таласады. Оның ішінде Едіге Емберді, Ерасыл Сәулебеков, Аянат Жұмағали, Ақжол Құрманбек және Денис Полубояринов сияқты болашағынан зор үміт күттіретін спортшылар бар. Ұлттық құрама өкілдері қазір Алматыдағы олимпиадалық даярлау орталығында жаттығуды пысқытап жатыр. Айта кетейік, жасөспірімдер мен жастар арасындағы соңғы Азия чемпионаты былтыр Қатар астанасы Дохада өтті. Оның барысында ұлттық құрама өкілдері 12 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Биыл да, әрине, осы көрсеткішті қайталау мақсаты тұр.