$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Өткен жылы әлеуметтік салаға 8,8 трлн теңге қаражат бөлінді

AstanaTV
18.06.2025ж. 15:33
83
Өткен жылы әлеуметтік салаға 8,8 трлн теңге қаражат бөлінді

Мәжілісте Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралады. Қаржы министрі Мәди Такиев фискалдық тұрақтылық саласындағы сын-қатерлерге қарамастан, жылдың қаржылық және әлеуметтік қорытындылары оң деп бағаланатынын атап өтті. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,8 құрады.

«Бюджет түсімдері 98%-ға орындалып, шамамен 20 трлн теңге түсті. Шығыстар 23 трлн 594 млрд теңгеге атқарылды. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3 трлн 649 млрд теңгеге немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды (134 251,9 млрд теңге) құрады. Мемлекеттік қарыз нақты ЖІӨ-нің 23,7% дәлізінде және 31,8 трлн теңгені құрайды», —

деді вице-министр.

Ведомствоның мәліметінше, инфляция деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 9,8 %-дан 8,6%-ға дейін төмендеді.

«Жалпы барлық әлеуметтік міндеттемелерді Үкімет толықтай орындады, оның ішінде атап өтсек, өңірлерді қолдауға 7,1 трлн теңге, әлеуметтік салаға 8,8 трлн теңге қаражат бөлінді», –

деді Мәди Такиев.

Сонымен қатар Үкімет резервінен, өңірлердегі ауқымды мәселелерге де, бюджеттік қаражаттар жұмсалды. Атап айтсақ, су тасқынын жою, жылу көздері мен желілерін жаңғырту, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі» ұлттық жобаны іске асыруға тиісті қаражат бөлінді.