Атырауда «Ақ Жайық» резерватында өрт әлі өшкен жоқ. Бүгін қызыл жалынға тікұшақпен су төгу уақытша тоқталды. Әуе көлігінің көтерілуіне қатты жел кедергі келтірген. Сондықтан 4 мәрте бар-жоғы 12 тонна ғана су шашқан. Қазір төтеншеліктер мен резерват қызметкерлері қол күшімен өшіруге тырысуда. Бірақ бір мың екі жүз гектарға жайылған өрт ошағын ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Қазір қызыл жалынға оранған аумақ көлемі - 50 гектар шамасында. Айта кетейік, ерекше қорғалатын аумақта өрт осыдан бір апта бұрын басталған. Содан бері Атырау аспанын қалың түтін торлап, халық бір жұтым таза ауаға зар боп қалды. Өртенген қамыс қалдықтары желмен қалаға жетті. Мамандар өрт қасақана қойылған деп болжап отыр.
НҰРБОЛ ЖАҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бүгін таңертеңгісін өртті сөндіруге Қазавиақұтқару мекемесінің бір МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды су төгу құрылысымен бірге. Бірақ желдің қатты болуына байланысты тікұшақтің ұшуына кедергі келтіріп, жұмыс одан әрі жалғастырылмады. Қазіргі уақытта жеке құрам қол күшімен және минералды полоса салу жұмыстарымен сол арқылы жүріп жатыр.