Ақтөбеде жарылыс болған көпқабатты үйдің бір кіреберісі тұруға жарамсыз. Техникалық сараптама қорытындысы жарияланды. Екі апта бұрын дәл осы подъездегі пәтерде жарылыс болып, бір адам қаза тапқан еді. Есік, терезе түгел қирап, қабаттар арасындағы блоктар құлады. Тұрғындар жатақханаға орналастырылды. Тұрғын үйге техникалық сараптама жасалды.
АРСЕН ҚАБЫЛҒАЛЫМОВ, «КАЗИНЖЕНЕРИНГЦЕНТР» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:
Біздің қорытыңдымыз бойынша 5-подъезд апатты жағдайда, адам тұруға келмейді. Қазіргі кезде сол подъезді түгел демонтаж және қалпына келтіру жұмыстары жасалу керек. Демонтаж жұмыстарынан кейін 4 және 6 подъезге ревизия жұмыстары жасалуы тиіс.
Қалған подъездің тұрғындары үшін ешқандай қауіп жоқ. 45 отбасына 398 мың теңгеден бір жолғы көмек беріледі. Бесінші подъездің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жобалық –сметалық құжаттар дайындалады. Оған дейін үш подъезд тұрғындары уақытша баспанаға қоныс аударатын болады.
АЗАМАТ БЕКЕТ, ҚАЛА ӘКІМІ:
Тұрғындардың бәрі үш подъездің тұрғындары олар Есет батыр ықшам ауданында уақытша тұрады. Одан кейін құрылыс жұмыстары біткеннен кейін өз үйлеріне қайтып барады. Зардап шеккен бесінші подъезде демонтаж құрылдыс жұмыстары жүргізіліп болғаннан кейін толықтай ремонтымен бәрімен тапсырамыз.