Өңірлерде аптап ыстық қайтпай тұр. Соңғы үш тәулікте орташа сынап бағанасы +35-тен 40 градусқа дейін көтерілді. Оңтүстік аудандарда 46 градусқа жеткен. Синоптиктер, өңірлерде әлі де 1-2 күн ыстықтың қайтпайтынын айтады. Ауа райының қолайсыздығынан жедел жәрдем шақырту жиілеген.
АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Аптап ыстық Астана тұрғындарын біраз әбігерге салды. Апшыны қуырған күн термометрде 33-34 градусты көрсетеді. Көлеңкенің өзін паналай алмай қалдық. Қазір ғана күн бұлттанды, бірақ қапырық ауа басылмай тұр.
БЛИЦ:
- Ыстық, қапырық болып тұр. Бұндай күтпедік Астанадан. +Күн бұлтты болғанның өзінде қапырық болып тұр.
- Балалар далаға шығамыз дегеннен кейін амал жоқ шығамыз бәрі-бір.
- Бұндай ыстық бізге нормально. Үйренгенбіз ғой ондай ыстыққа.
- Костюмның іші не болып жатыр?
- Тер болып жатыр, сауна.
Жоғарғы температура өңірлерде бірер күн сақталады дейді синоптиктер. Содан кейін күн күрт құбылып, найзағай ойнап, жауын-шашын болмақ.
АЙГҮЛ АЛДАНБЕРГЕНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АУА РАЙЫН БОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ:
Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклондармен, оларға байланысты атмосфералық фронттар жылжуын жалғастыруда бұл тұрақсыз ауа райының қалыптасуына алып келуде. Алдағы күндері ел аумағына фронтальды бөліктер әсер етеді. Жайын-шашын мен найзағай күтіледі.
АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Мамандар күн ысып тұрған кезде күн астында серуендеуден аулақ болуды сұрайды. Өзге өңірлерде де ыстық басылмай тұр. Берік, оңтүстік өңірде ахуал қалай? Ыстықтан қалай қорғанып жатырсыздар?
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Жамбылда да күн жанып тұр. Ауа температурасы 40 градустан асты. Көлеңкенің өзінде + 38 -ді көрсетіп тұр. Көшеде күннің астында жүрген адам көрмейсің, көлік нөпірі де аз. Түннің өзінде темометр көрсеткіші 25 градустан төмен түс пей тұр.
БЛИЦ:
- 40 болып тұр. Көйлеңке болмаса жүра алмаймыз, күн ыстық. Ыстықтан бас айналып жатыр.
- Бүгінгі ауа райының өзі 40 градустан жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр. Бұндай ыстық енді жастарға қатты сезіле қоймауы мүмкін енді, ал бірақ үлкен кісілерге қан қысымы ауруларымен ауыратын кісілерге қатты соққы болып тиюі мүмкін.
-Бізге, қарт кісілерге көбнесе қиындау болады. Әркімнің давление денсаулығына қарай, әркімге ір түрлі әсер етеді оның бәрі. Күн ыстық, тым ыстық болып кетті енді.
Басынан күн өтіп, басы айналып, әсіресе қан қысымы көтеріліп жатқандар көп дейді дәрігерлер. Күннің күрт ысуынан жедел жәрдем шақырту да жиілеген. Әдетте тәулігіне мыңнан астам қоңырау түссе, бүгін бір күнде мамандар 1800 шақыртуға барған.
СВЕТЛАНА ИТЕКБАЕВА, САРАПШЫ ДӘРІГЕР:
Қазіргі таңда ауа райының аптап ыстығына байланысты жедел жәрдемге шаұыртулар саны күрт көбейді. Осы шақыртулардың басым бөлігі, қан қысымының жоғарылауы, жүрек ишимия ауруларының, созылмалы ауруларыннан көп шақыртулар түсіп жатыр. Және де бас аурулар саныда көбеюде.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Синоптиктер алдағы үш күнге де болжам жасаған. Бірақ салқын түседі деген ақпарат айтылмады. +38 градустан төмен болмауы мүмкін дейді. 21-інен кейін жел соғып, жауын-шашын болады деп болжайды. Қаланың өзінде мынадай қатты ыстық болып тұрса, ауылды жерлердегі атыз біткеннің аңқасы кеуіп қалды. Ал теріскейде ауа райы қалай, әріптесім Абаз Құрманкин айтсын.
АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Әдетте, қызылжарлықтар күннің көзіне жарымайтын. Ал биыл ауа температурасы әжептеуір жоғары. Мамыр айының соңынан бастап күн ысыды. Қала тұрғындары бұл мүмкіндікті жіберіп алғысы келмей, өзен-көлдерге шомылуға ағылуда. Бірақ, жауын -шашынның аздығы шаруаларға уайым . Мал-жанға алаңдаған ауылдағы ағайын тасаттық беріп жатыр. 2021 жылы болған құрғақшылықтан әбден қорқып қалған бұқара бірінен-соң бірі құрбан шалып, мол жаңбырды тілеуде.
Теріскейліктердің тілегі қабыл болды. Аймақта екі күннен бері жаңбыр жауып, күннің ыстығы басылды. Метеорологтар өңірге солтүстік-батыс циклон келгенін айтады.
ГҮЛЗӘТ ҒАЗИЗОВА, “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ АУА РАЙЫН БОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Кеше түнде 12 мм жауын-шашын түсті. Маусымның аяғына дейін ауа райының орташа температурасы 23 градусқа дейін салқындайды. Ал жауын-шашын мөлшері қалыпты мөлшердің шамасында, яғни 37-49 мм-дің аралығында болады.
АБЗАЛ ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Айта кету керек, теріскейде ауа райы әдетте тұрақсыз болып келеді. Мәселен, былтыр жаз бойы жиі жаңбыр жауып, жауын-шашын нормадан үш есе көп түскен. Ал биыл сала мамандары жаз мезгілі қалыпты, демек ыстыққа да, жаңбырға да толы болады деп болжайды.