Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бастамасымен қолға алынған Қазақ киносының онкүндігі Жетісу облысында жалғасты. Мақсат – мемлекеттік қолдаумен түсірілген отандық фильмдерді шалғай ауылдарға дейін жеткізу, жастарды ел мен жерді сүюге үндейтін туындыларды көпшілікке ұсыну дейді ұйымдастырушылар. Онкүндік аясындағы алғашқы көрсетілім – Қажымұқан Мұңайтпасұлының тағдырын арқау еткен тарихи-патриоттық фильм болды. Ұлттық рухты ұлықтаған бұл туынды – ұлттық болмыстың, тектіліктің, қайсарлықтың символы.
НҰРЖАН МҰХАМЕДЖАНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ КИНО ОРТАЛЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Мына мемлекеттің тарапынан бөлініп жатқан қаржыға түсіріліп жатқан фильмдердің сапалы екендігін, ол фильмдердің халықтың ойындағы жүрген мәселелерін көтеретіндігін мінекей осы тұрғыда жаңағы әлеуметтік жүгінім бар екендігін халыққа көрсету.