$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қостанайда жаңа балабақша қолданысқа берілді

18.06.2025ж. 20:00
118
Қостанайда жаңа балабақша қолданысқа берілді
Қостанайдағы  «Әуежай» шағын ауданында жаңа балабақша ашылды.Әлеуметтік нысан «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында бой көтерді.Шағын аудан тұрғындарының қуанышында шек жоқ.Заманауи үлгіде салынған  балабақшада  280 бүлдіршінге орын бар. 

Аруна Менбекова бұған дейін балаларын  қаланың жан-жағына тасып әлек болыпты. Енді екі баласы үй іргесіндегі балабақшаға барады. Жас ана жаңа балабақша заманауи талаптарға сай, қауіпсіз дейді. 

АРУНА МЕНБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін ашылып жатқан балабақшаға бізге мүмкіндік беріп отыр. Ішіне кіріп танысып,  қандай дамыту ойындары бар бұл балабақшада. Тәрбиешілері  кім болады.Сол себепті бірден осы балабақшаны таңдап отырмыз.

«Әуежай» шағын ауданында кейінгі жылдары ондаған  көпқабатты үй салынды. Жаңа мектеп бой көтеріп, спорт кешені есігін айқара ашты. Бұл маңда тек балабақша жоқ еді.Мемлекеттік балабақша өңірлік сайлауалды бағдарламаның арқасында салынып отыр.

АЛМАТ ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


«AMANAT» партиясының  «Халықпен бірге»  сайлауалды бағдарламасының арқасында балабақша ашылып отыр. Бұған дейін ата-ана балаларын қаланың әр түкпіріне тасып, әуреге түскен еді. Енді міне олардың үйінің маңынан жаңа балабақша қолданысқа берілді.Тұрғындар үшін жақын және қолайлы жерге баласын апаруға мүмкіндік туды.

Тобыл өңірінде екі жастан алты жасқан дейінгі балалардың 92 пайызы  балабақшаға барады.Енді төрт-бесеуі салынса, сәбилер түгел қамтылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:


Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2 жылдың ішінде облыста 10 балабақша ашылды.Құтты болсын.  Енді біздің облысымыздың 3 жастан 6 жасқа дейінгі  балалары 100 процент балабақшамен қамтылған.

Жаңа балабақшада мемлекеттік және орыс тілдерінде  16 топ жұмыс істейді. 75 тұрақты жұмыс орны құрылды.