Астанада ерекше бағыттағы жазғы лагерь бар. «Hogwarts» атты шығармашылық алаңда балалар ІТ технологиялар мен ұлттық құндылықтарды қатар меңгеріп, бос уақытын пайдалы өткізіп жатыр. Тілшіміз Назерке Алтынбек лагерь тынысымен танысты.
Мұнда ою қиып, жүннен бұйым дайындаған балалар ұлттық қолөнерге сөзбен емес, іспен кірісіп кеткен. Оқушылар жәй демалып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытып, қазақ өнерін үйренуде.
ПЕРДЕГҮЛ ӘМЗЕЕВА, ТӘРБИЕШІ:
Жалпы біздің лагерьдің мақсаты балаларды болашақта ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, яғни мамандандыру. Сонымен қатар спорттық жарыстар бар, яғни балаларды ұлттық нақышта қыш құмыралар жасау арқылы, ұршықтар жасау арқылы, жүндер жасау арқылы балалард тәрбиелеу.
Шығармашылық бағыттағы сабақтармен қатар, балалар заманауи білім ІТ, робототехника негіздерін де меңгеруде. Бұл – жазғы лагерьді өзгеше етіп тұрған басты ерекшелік..
ҒАБИТ АЙҒАНЫМ, ОҚУШЫ:
Мен үкі жасауды үйреніп жатырмын, қазір біз атты жасаймыз. Сосын біз робототехниканы үйрендік, музыканы үйрендік және де көп қызықты заттарды үйрендік.
Ұлттық ойындар- лагерьдің тағы бір маңызды бөлігі. Балалар асық атып, мергендігін шыңдауда. Көпшілігі бұл ойынмен алғаш рет танысып жатқанымен, қызығушылықтары жоғары.
БАУЫРЖАН ТОМАШЕВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:
Асық ойыны ең біріншіден ұлттық құндылықты үйретеді, бойына сіңіреді. Одан кейін ептілікті, тәптіпті, одан кейін мергендікке үйретеді. Қызығушылығы өте жақсы, жана атып жатыр асықты, кейбір балалар енді ұстап жатқан балалар болды. Уже үйреніп, ұнап жатыр балаларға.
Ұлттық болмыс пен технологияны үйлестірген бұл лагерь – балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор етіп өткізуге мүмкіндік беруде.