Интернетке икемделген балалар алаяқтардың арбауына тез түседі. Өйткені қаскөйлер оларды алдап-сулап, арам ойын іске асыруы мүмкін. Мамандардың дерегінше, баланың тілі шықпай жатып, телефонмен достасады. Олардың қараусыз қалғанын пайдаланған киберқылмыскерлер фишинг жасап, құпия ақпаратты иеленеді. Әрі ата-аналар да ғаламтордағы қауіпсіздік ережелерін - цифрлық гигиена жайын түсіндіре бермейді. Яғни, балаларға ғаламторда бөтен адамдармен танысу, интернеттегі сілтемені ашу, файл жүктеу қауіпті екенін ескертілуі тиіс. Жуырда оралдық оқушыға хабарласқан бір алаяқ олжасын қолма-қол ақшаға айналдырып бергені үшін сыйақы уәде етіпті. Бірақ анасының араласуымен бұған жол бермеген. Сондықтан ата-аналар балаларының интернеттегі әрекетін ұдайы бақылап отыруы тиіс, дейді полиция.
АРТУР МҰСАҒАЛИЕВ, БҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Оқушы балалардың есепшоттарына алаяқтық түрде ұрланған ақшалардың түскенін уақытында оны ата-анасы біліп тоқтатты. Алайда мұндай фактілер де орын алуы мүмкін жағдайлар. Біздер енді алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ескертіп жатырмыз мектептерге барғанда, мұғалімдерге барғанда осындай жаңағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі туралы айтып жатырмыз біздер.