$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Абай облысында XXVI «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсы басталды

AstanaTV
18.06.2025ж. 19:44
62
Абай облысында XXVI «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсы басталды

18-21 маусым аралығында Абай облысында XXVI «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсы өтеді. Көркемсөз байқауына жалпы білім беретін ұйымдардың 8–11 сынып оқушылары қатысады. Биылғы конкурс ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Зияткерлік сайыста республиканың барлық өңірінен келген оқушылармен қатар, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытай елдерінен де қатысушылар бағын сынайды.

Байқау мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау, ұлттың көркемдік-эстетикалық мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Қорытынды кезеңде 130-дан астам жас дарын 5 номинация бойынша сайысады: «Абайдың асыл мұрасы», «Абайдың ақын шәкірттері», «Әнді сүйсең, менше сүй», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі».  

 Басты шарт - қатысушылар Абай шығармаларын жатқа айтуы тиіс.

Қатысушылар үшін Абай ауданы Жидебайға экскурсия ұйымдастырылады, 20 маусым күні байқау номинациялар бойынша жалғасады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21 маусым күні өтеді.

Абай оқуларының жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылады