Есіл өзенінің Атырау көпірі маңында киіммен жүзіп жүріп суға батып бара жатқандай белгі көрсеткен ер адам байқалды. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар Нұржан Орынбай мен Нұрболат Байзулдинов келген. Олар 1987 жылы туған, алкогольдік масаң күйдегі азаматты құтқарып қалды. Ер адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖМ ескертеді: суға мас күйінде түсу — өмірге төнетін үлкен қауіп.