Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайға байланысты Иран аумағындағы 109 қазақстандық шұғыл эвакуацияланды. Оның ішінде 89 адам Түрікменстан арқылы, ал 20 адам Әзербайжан арқылы транзитпен елге оралды. Барлық азаматтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді. Эвакуация барысында қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тәулік бойы жұмыс істеп, логистиканы үйлестіріп отырды. Қысқа уақыт ішінде 200-ден астам азамат хабарласып, тиісті қолдау алды.
МАРИЯМ ҚАЗАҚ, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біздер кеше сағат 10 жарымдарда елшілікке бардық Қазақстанның. Сонда 1-2 сағаттың ішінде ұйымдастырды. Машинамен келдік. Иранның границасы болады. Бүгін таңғы 4 жарымда жеттік. Түркіменстанда өздері визаны соқтырды. Бауырларымыз күтіп тұр екен алдымызда.