$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Астанадағы ЖОО-лардың бірінде студент қыз өлі күйінде табылды

AstanaTV
18.06.2025ж. 23:37
42
Астанадағы ЖОО-лардың бірінде студент қыз өлі күйінде табылды

Астанада Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде студент қыз өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінен 24 жастағы қыздың мәйітінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ Назарбаев Университетінің әкімшілігі аталған жағдайды ерекше бақылауға алынғанын хабарлап, қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университет мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен психологтер тартылған.

Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырады. Жақындары бұл қайғылы жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлік топтарда жарияламауды сұрайды.