Талдықорғанда жедел байланыс желісіне өзенде ересектердің қарауынсыз және жабдықталмаған жерде шомылу кезінде баланың аяғына арматура кіріп кеткен.
Оқиға Көктал ықшам ауданында Балақты өзенінде болған.
"Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина бригадасы шықты. Арнайы гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар зардап шегушінің аяғын босатты. Бала дәрігерлерге тапсырылды", делінген ТЖМ хабарламасында.