$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Ақтөбе облысында екі адам ескі құдыққа құлап қаза тапты

19.06.2025ж. 20:00
46
Ақтөбе облысында екі адам ескі құдыққа құлап қаза тапты

Ақтөбеде тоғыз жасар қыз бала құдыққа түсіп, қаза тапты. Оны құтқаруға ұмтылған көршісі де  құдықтан шыға алмай қалған. Алдын ала болжам бойынша екеуі де иістен уланып қалған. Ауланда балалармен жасырынбақ ойнап жүрген  жеткіншек абайсызда  құдыққа түсіп кеткен. Ескі, пайдаланылмай тұрған құдықтың  тереңдігі 10 метр, іші күл қоқысқа толы болған.  Қызға  көршісі көмектеспекші болады. Алайда ол да құдықтан шыға алмай қалған. Екеуінің мәйітін құтқарушылар алып шықты. 

АСЛАН МҰХТАР, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Құтқарушылар көмегімен бала мен ересек адам ес түссіз күйдк құдықтан шығарылды. Медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Алайда, екеуі де оқиға орнында қайтыс болды. Осыған байланысты Ақтөбе облыстық ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.