$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Қостанай тұрғыны әйелі қайтыс болса да алимент төлеген

19.06.2025ж. 20:00
48
Қостанай тұрғыны әйелі қайтыс болса да алимент төлеген

Тобыл өңірі тұрғынының есепшотын 9 жыл бойы алимент төлемеді деп бұғаттап тастаған.  Алайда әйелі осыдан 9 жыл бұрын қайтыс болған жалғызбасты әке  екі баласын өзі бағып отырған көрінеді. Жеке сот орындаушылар дер кезінде істі тоқтатпаған.Соның салдарынан қала тұрғынының  алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан. Ал жалғызбасты әкенің есепшоты бұғатталып,  жалақысын ала алмай  қиындыққа тап болды. Ол дереу сотқа жүгініп,атқарушылық істі тоқтату туралы талап арыз түсірді. 

ЛӘЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 

Ол атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуға сотқа талап қоюумен жүгінді. Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкмішілік соты талап қоюды толығымен қанағаттандырды.  Шешім дереу орындалуға жатады. Аппеляциялық сатыда сот актілері өзгеріссіз қалды.