Биыл баланы босануға және бүлдіршін 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне 371,6 млрд теңге төленді. 333 мыңнан астам адам жәрдемақымен қамтылды. Декретке шығып миллионер атанғандар бар. Олардың саны 100 мыңнан асады. Ал оларға берілген біржолғы төлем 144,4 млрд теңге. Тағайындалған қаржының орташа мөлшері 1 590 618 теңге. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жөргекпұлды 109 мың адам алды. 1 жарым жасқа дейінгі балалардың күтіміне төленетін қаржының орташа мөлшері 90 817 теңге.