Жамбылда жекеменшік ем-шара жүргізетін бөлмелер жаппай жабылып жатыр. Себебі, Тараз қаласында 29 және 50 жастағы екі ер адам жекеменшік процедура кабинеттерінде екпе алғаннан кейін шок алып, көз жұмған. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі аймақта жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, тиісті стандарттардың бұзылғанын растады. Өңірде тіркелген 133 ем-шара бөлмесінің 93-і өз еркімен медициналық қызметін тоқтатыпты. Оның 59 і тіпті лиценциясыз жұмыс істеген. Ал кейбірі дәрігерлік құжаты жоқ болса да, келгендерді емдеп, екпе салып келген. Арасында жалған құжат жасап жұртты алдап ем-дом жүргізгендері де бар. Ал 29 жастағы марқұм болған жігітке ем-шара жүргізген мекемені министрлік сотқа берген.
АЙГҮЛ БАЛҒАБАЕВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Тексерулер нәтижесінде 38 нысанға 47 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 10 млн таңгеден асам айып пұл салынды. Біздің тексерген нысандарда дәрегерсіз жұмыс істеген. Оның 38 інде до врачебный кабинетінде лицензия болса, қалғанында рұқсат қағаздары болмаған.