$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Шетелде жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтары рақымшылыққа ілінбейді

19.06.2025ж. 20:00
55
Шетелде жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтары рақымшылыққа ілінбейді

Шетелде жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтары рақымшылыққа ілінбейді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, рақымшылық Қазақстанға қайтарылғандарға қолданылуы мүмкін. Тек екіжақты келісімшартта қарастырылған болуы керек. Ал, елде жазасын өтеп жатқан шетелдіктер арнайы қаулыға өтініш берген жағдайда босап шығады. Өйткені халықаралық шарттар негізінде сондай құқық берілген дейді.  Сенат бүгін «Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды мақұлдады. Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебіндегі 3,5 мың сотталушы, барлығы 4 мың 100 адам бостандыққа шығады. 

АБАЙ ҚАЙЫРБЕКОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алыс шетелмен екіжақты халықаралық шарттар негізінде де жүзеге асырылады. Ондай шарттар 26 мемлекетпен бекітілген. Былтыр 40-тан астам сотталушы шет мемлекеттерге берілді. Оның көбі Өзбекстан азаматтары. Биылғы 5 айдан 20-дан астам шетелдік өз елдеріне берілді. Олардың да көбі Өзбекстан азаматтары. Аталған шетелдіктер Қазақстан Республикасына рақымшылық қолдану өтінішімен жүгінсе, халықаралық шарттар негізінде ондай құқығы бар.