Алматы облысында AMANAT партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті. Қонаев қаласында ұйымдастырылған шараға 100-ден астам тұрғын келіп, түрлі әлеуметтік және құқықтық мәселелерін жеткізді. Қабылдау Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында, халыққа барынша ыңғайлы форматта өтті. Шара барысында барлық өтініштер тіркеліп, жауапты мекемелерге жолданды. Жедел шешілетін мәселелер сол жерде қарастырылды. Ал заңнамалық деңгейде қарауды қажет ететін сұрақтар республикалық органдарға ұсынылатын дейді партия өкілдері.
ЕРЛАН ЖАКУПОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Қонаев қаласының және жақын маңдағы аудандардың тұрғындары келіп отыр. Көпшілігі өздерінің өзекті мәселелерін көтеруде. Оның ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі, Әлеуметтік саладағы мәселелер көптеген сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Біраз сұрақтар бақылауға алынды. Әр сұрақ, әр мәселе шешімін тапқанша толықтай жұмыс жүргізілетін болады.