$519.55 €596.03 ₽6.63
×

"Таза бейсенбі" акциясы аясында үш қалада 20 тоннаға жуық қоқыс жиналды

AstanaTV
19.06.2025ж. 20:00
59
"Таза бейсенбі" акциясы аясында үш қалада 20 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қазақстанның үш ірі қаласында АМАNАТ партиясының "Таза бейсенбі"  экологиялық акциясы өтті. Қалалықтар қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, қоқыс жинап, ағаштарды бұтап, көгалдандыру жұмыстарына қатысты. Бір күндік емес, жүйелі түрде өтіп жатқан шараның  мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. 

Шара Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл жолы белсенділер Алматыдағы Есентай өзені аумағын қоқыстан тазартты. Акция аясында еріктілер мен партия мүшелері өзен маңындағы қалдықтарды жинап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығына тоқталды. 

ЕРЖАН МЕДЕУОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әр апта сайын әр ауданда осылай бейсенбі күні бізде Таза Қазақстан акциясы ұйымдастырылады. Бүгін Медеу ауданында өтіп жатыр бүгінгі күнге осы Есентай өзенінің аймағын жинап жатырмыз. Жыл басынан 25 тен астам шара өтіп 600-ден астам адам қатысып отыр осы акцияға. Бұл акция бізде жыл аяғына дейін жалғасын табатын болады.


Шымкентте де экологиялық акция өтті. Қаратау ауданындағы көпқабатты үйлердің аулалары қоқыстан тазартылып, жасыл желек ретке келтірілді. Жыл басынан бері 2000-нан астам адам осындай шараларға қатысып, нәтижесінде 17 тоннадан астам тұрмыстық және құрылыс қалдық арнайы полигондарға шығарылған.

ӘБДЕЗ ИМАНҚҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Тұрғылықты мекеніңнің таза болғаны бұл –адамның сыртқы да, ішкі де мәдениетінің көрінісі. «AMANAT» партиясының ұйымдастырып жатқан Таза бейсенбі іс-шарасы осы қаладағы тазалыққа, айналаның таза болғанына тұрғындарды шақыру. Біз бүгінгі өткізіп жатқан шарамызға жастар келіп жатыр.  Мына біз ұйымдастырып жатқан жердегі тұрғындар шықты. Біз негізгі өзіміздің істеп жатқан жұмысымыз ол – елге үлгі болу, елге көрсету.


Сонымен қатар, теріскейдегі Мамлют ауданында да тазалық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жергілікті белсенділер мен еріктілер Достық саябағы мен Жастар стадионын қоқыстан тазартып, абаттандыруға кіріскен. Жыл басынан бастап   ауданда 500ден астам адам игі шараға атсалысты.Мұндай сенбіліктер – тек тазалық емес, ортақ іске жұмыла білу мәдениетін де қалыптастырады, дейді ұйымдастырушылар.

СЕРІК ҚАНЖЫҒАЛИН, СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 

Жалпы аудан бойынша 1.5мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Және де бүгін орталық стадионда бір тоннаға жақын қоқыс шығарылды. Қазіргі кезде трибуналарды сырлау, шөп шабу, ағаштарды кесу және тағы басқа жұмыстар атқарылуда.


"АМАNАТ" партиясының ұйымдастыруымен үш өңірде өткен тазалық акциясы кезінде жиналған қалдық көлемі шамамен 20 тонна. Бұл – тек сенбілік шарасы емес, қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді бастама.