$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір күміс медальмен аяқтады

AstanaTV
19.06.2025ж. 20:00
165
Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір күміс медальмен аяқтады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір күміс жүлдемен аяқтады. {КСМ} Ұлттық құрама қоржынына жалғыз күміс медальді 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абиба Әбужақынова салды. Ол өзіне жақсы таныс қарсылас италиялық Ассунта Скуттомен белдесіп, тартысты жекпе-жекте есе жіберді. Айта кетейік, әлем чемпионатына 93 елден 556 дзюдошы қатысты. 

АБИБА ӘБУЖАҚЫНОВА, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Жарысты бүгін жақсы бастадым. енді бірінші кездесуім шамалы қиындау болды. ары қарай бәрін тактикамен күресім, ұтып тастадым деп ойлайм. Енді финалға келетін болсақ. Сол тактика жағынан бір 3 секундқа кешігіп қалдым. Ол өз әдісін жасап кетті. Солай юкоға түсіп қалдым. Бұйыртса, өз елімізде өтетін әлем чемпионатында әнұранымызды шырқатамын.


РОБЕРТ МШВИДОБАДЗЕ, ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ-КЕҢЕСШІСІ:

Әрине керемет деп айтпаймыз, бірақ жаман емес өнер көрсеттік. Бұл біз үшін басты жарыс емес, бұл біз үшін жаттығу. Қай жерде қандай қателіктер кеткенін қарап шығамыз, кейін жаттығып, сол қателіктерді түзейміз. Алға жылжимыз, нәтижемізді жақсарта береміз.