$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Уақытша тіркеудің тәртібі қатаңдатылды

AstanaTV
14.07.2017ж. 20:00
2854
Уақытша тіркеудің тәртібі қатаңдатылды

Уақытша тіркеу тәртібіне тағы да өзгерістер енді. Оған сай өзге қалаға қонаққа келген адам бір айға жуық тұрақтаса, міндетті түрде тіркеуге тұруы керек. Бұрын заң 3 айға дейінгі мерзімде тіркелмей жүруге рұқсат беретін. Мұндай өзгеріс биыл 12 маусымда күшіне енген Үкіметтің арнайы қаулысымен реттеледі. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаменті көші-қон полициясының мамандары мәлімдеді.

Жаңа талап әсіресе студенттерге қатысты. Басқа қаладан келіп оқитын жастар тұратын жеріне жақын аумақтағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, тіркелуі міндетті. Тіркеу құны- 200 теңге. Ол келген күннен бастап он күн ішінде жүзеге асырылады. Егер бұл талаптар дер кезінде орындалмаса, ішкі істер органдары 7 айлық есепті көрсеткіш көлемінде, яғни 16 мың теңге айыппұл салуға құқылы. Егер заң бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі 29 мың теңге болады. Жыл басынан бері Алматыда 200 мың адам уақытша тіркеуге тұрған. Ал заң күшіне енбей тұрғанда, олардың саны 3600 адамнан аспаған.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ