$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Астанада шағын және орта бизнес үлесі артып келеді

19.06.2025ж. 20:00
83
Астанада шағын және орта бизнес үлесі артып келеді

Елордада шағын бизнес шарықтап барады. Былтырмен салыстырғанда кәсібін дөңгелеткендер  саны 8,3 пайызға артқан. Көрсеткіш 254 мыңға жетті. Шағын бизнестің қала экономикасындағы үлесі де үлгі етерліктей. 10 млрд теңгеден асып, 68 пайызды алқымдады. Жалпы, Елордада өз ісін бастаймын деген кез-келген азаматқа  есік айқара ашық, - дейді мамандар.  

ҚУАНЫШ САПАРОВ, ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл басынан бері жергілікті бюджеттен бизнеске қолдау көрсету үшін 9,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы алғашқы 5 айында Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 213 жоба қолданылып, 31 млрд теңге қарыз алды.