Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы мен «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Мадридтің «Реал» командасының ойыншысы атануы мүмкін. Бұл туралы A Bila Sports порталы жазды.
Дереккөздің ақпаратынша, түркиялық клуб мадридтік командаға 25 жастағы сол қаптал қорғаушысы Фран Гарсияны сату туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отыр. Бұл келісімге қазақстандық аяқ доп шебері Зайнутдиновты да қосқысы келетін ұқсайды.