$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Менің еш жазығым жоқ: Елжан Біртановтың ісі қайта қаралмақ

AstanaTV
19.06.2025ж. 23:06
58
Менің еш жазығым жоқ: Елжан Біртановтың ісі қайта қаралмақ

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның экс-орынбасары Олжас Әбішевке қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша прокуратура тергеуді қайта бастады, деп хабарлайды ALASH.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

2022 жылы шыққан сот үкіміне наразы тарап бұл жолы тың дәлел ұсынды.

Әбішевтің айтуынша, ресми құжаттар олардың кінәсін дәлелдеген жалғыз куәгердің айтқандарын жоққа шығарады. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол бұл деректердің тергеудің негізсіз жүргізілгенін көрсететінін мәлімдеді.

Бас прокуратура бұл өтінішті елордалық қадағалау органына жолдап, мән-жайды анықтауды тапсырған.

«Біртанов Е. мен Әбішев О.-ға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша түскен өтініш Астана қаласының прокуратурасына жолданып, қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның ресми жауабында.