$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Абай Бегейдің қызы өзін дуалағанын мәлімдеді

AstanaTV
20.06.2025ж. 10:55
61
Абай Бегейдің қызы өзін дуалағанын мәлімдеді
Фото: Instagram/niyazkulova_erke

Әнші Абай Бегейдің құзырлы органдардың құрығына ілінген қызы Гүлеркем Ниязқұлова өзін белгісіз біреу дуалап кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің қызы өзін дуалағаны жөнінде айтып, суреттерін де көрсетті.

«Қазір камераны қарап, түріңді шығарамын! Қорықпай қалай жасадың? Несібе Алладан! Құдайдың қазынасы көп, саған да, маған да жетеді, уайымдамай ниетіңді түзе. Саған тиесілі ризық маған кетіп қалмайды. Дәл солай маған тиесілі ризық мың дуалап, ақшаңды құртсаң да ешқашан саған бұйырмайды. Алла – әділ! 17.05.2025 күні залдан арнайы оқытылған дуа таптық. Қызыл бұрышпен, тұзбен, қағазға жазылған жазуы бар», - дейді Гүлеркем Ниязқұлова.

Әншінің қызы осыдан кейін бір уыс шаш пен қағазға тығылған инені көрсетті.

«Арада азғантай уақыт өтіп, үйіскен, қалың, біраз уақыттан бері жиналып, ортасы түйілген шаш, қағазға жазылған жазумен, тебен ине табылды», - дейді Абай Бегейдің қызы.