$519.55 €596.03 ₽6.63
×

Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті

AstanaTV
20.06.2025ж. 12:06
58
Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті
Фото: скриншот

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 6:15–те Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды Astana TV.

Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Яссауи көшесіне бұрылғанда көлікке ие бола алмай қалған. Нәтижесінде автобус Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысып, қозғалысын тоқтатпастан жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен.

Жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, — деп хабарлады полициядан.