$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Әйелді өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кеткен

20.06.2025ж. 20:00
26
Әйелді өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кеткен

Сүйіктісін пышақтап өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кетті. Астанада жантүршігерлік қылмыс болды. Күдікті бұл әрекетті балалардың көзінше жасаған. Артынша, өзін-өзі өлтірмек болғанымен, тірі қалды. Марқұм әйелдің 10 және 7 жастағы екі ұлы жетім қалды. Елордалық Полиция Департаменті адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

ЭЛЬМИРА ШӘУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, азаматтық некеде тұратын ер мен әйел арасында жанжал туындап, сол кезде ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Кейін ер адам тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен. Құлау салдарынан ол ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.