Оралдық дәрігерлер 13 жастағы қыздың асқазанынан жарты келі шаш алып шықты. Науқасқа операция жасаған мамандар мұндай жағдайдың алғаш рет кездескенін айтады. Анасы қызының соңғы кезде тамаққа тәбеті нашарлап, өзін жайсыз сезініп жүргенін байқайды. Кейін емханада тексерткенде асқазанында әлдебір зат тұрғаны анықталыпты. Бір сағатқа созылған операция кезінде дәрігерлер оның ішінен бір уыс ұйысқан шашты алып шықты.
ӘЛІБИ ТӨЛЕГЕНОВ, БҚО КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
3-4 жыл бұрын байқаған анасы. Негізі құрттай кезінен саусақтың тырнағын жейтін әдеті бар екен. Енді оны әрі қарай психологтар сөйлесіп шешеді ғой. Қазір енді науқастың жағдайы тұрақты. Әзірге тамақты ішпейді, емін алып жатыр қажетті.