$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Су тәуекелдерін басқару жөніндегі штабтар құрылады

AstanaTV
20.06.2025ж. 20:00
44
Су тәуекелдерін басқару жөніндегі штабтар құрылады

Өңірлерде вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі штабтар құрылады. Премьер-министр Олжас Бектенов егіс алқаптарын суару кезеңіне арналған кеңесте осындай тапсырма берді. Кеңесте су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, тіршілік көзін заңсыз пайдаланумен күресті күшейту, сондай-ақ Шу, Талас және Сырдария өзендеріндегі ахуалға жіті назар аудару қажеттігі айтылды. Су ресурстары министрлігіне көршілес елдермен трансшекаралық өзендер бойынша тиімді ынтымақтастық орнатып, лимиттерді бақылау және спутниктік мониторинг арқылы су тапшылығы бар аумақтарды анықтау міндеттелді. Ал «Қазсушар» қазіргі таңда 22,5 мыңнан астам шаруа қожалығымен су жеткізу бойынша келісім жасасқан. 

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Жалпы республика бойынша 12 млрд текше метр су жинау жоспарланған. Оның 97%-ы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылық алқабын суару үшін оңтүстік өңірлерге қажет. Соның ішінде ҚазСуШар-дың биылғы алдын ала жоспарына сай, суару мақсатына арналған 8,8 млрд текше метр судың 3,9 млрд текше метрі жиналды. Бұл вегетациялық кезеңге арналған жоспардың 44 пайызын құрайды. Кезең аяқталғанға дейін тағы 4,9 млрд текше метр суды жеткізу қажет.