Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға қолдау жалғасын табады. Жыл басынан бері бұл мақсатқа 310 миллиард теңге бөлінді. Оның 272,7 миллиард теңгесі Мемлекеттік бюджеттен, ал 37,3 миллиард теңге әлеуметтік сақтандыру қорынан жасалған. Бүгінде елде 542 мыңнан астам адам мүгедектігі бойынша, ал 198 мың азамат асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады.
Биылдан бастап төлемдер 6,5 пайызға артты.
Мысалы, мүгедектік жәрдемақы мөлшері: 1-топқа - 101 мың теңге, 2-топқа - 81 мың, 3-топқа - 55 мың теңге көлемінде. Ал әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдердің орташа мөлшері 70 мыңнан 72 мың теңгеге дейін өсті.