$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Шетелден келген 2 мың көлік заңсыз тіркелген

20.06.2025ж. 20:00
56
Шетелден келген 2 мың көлік заңсыз тіркелген

Шетелден заңсыз көлік әкелетіндер азаймай тұр. Алдыңғы жылы Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз тіркелген 2 мың көлікті анықтап, оның 90-ға жуығын қылмыстық іс ретінде тіркеген. Көліктердің барлығына дерлік делдалдар арқылы жалған құжат жасалған. Қазір бәрі цифрлық жүйе арқылы бақылауға алынбақ. Қылмыстың алдын алу үшін жаңа платформа іске қосылды. Енді әр көліктің VIN-коды арқылы оның кедендік, салықтық және техникалық деректері автоматты түрде тексеріледі. 

ЕРЛАН САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:


Біз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің теріс әсерін тигізіп жатқан әр түрлі қадамдарға тосқауыл қоюымыз керек. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының негізгі миссиясы болып табылады.