Жамбылдағы жоғарғы оқу орнында шу шықты. Студенттер ақша бермегеніміз үшін мемлекеттік емтиханнан құладық дейді. Енді төрт жыл оқып дипломсыз қаламыз ба деп алаңдап отыр. Бұған университет басшылығы не дейді? Тараптарды тілшіміз тыңдады.
Бұл -ата-ананың жан айқайы. Өз қызын маман иесі болсын деп мемлекеттік жоғарғы оқу орнына түсірген. Алайда мұнда бір нәрсе беріп, қалтасына қыстырмасаң түк шықпайды деп налиды. Тіпті университетке студенттер ақша жинап кондиционерге дейін алып бергендерін айтады.
Студентердің сөзінше, соңғы емтихан кезінде оқу орнының қызметкерлері оларға қысым көрсетіп, ауызына келгендерін айтыпты. Енді міне 14 студент емтиханнан құлап, үш аптадан бері ата-аналар университет табалдырығын тоздырып жүр. Аударма ісі мамандығы бойынша оқыған бір топтың, тең жартысы емтиханнан сүрінген.
АҚБАЯН ИЛИЯСБЕК, СТУДЕНТ:
Біз емтихан тапсыру барысында барлық студенттерге кедергі келтірді. Жеке құқығына жеке шекарасына өтіп, қасына отырып алды. Неше түрлі сөздер айтылды. Топас деген сөздер секілді. Сыртымыздан суретке түсірді. Толығымен заңсыз қылықтар орын алды.
ГҮЛСЕЗІМ ЖАЛҒАСПАЕВА, СУТДЕНТ:
Басқа факультет мамандығына пересдача береді да, эказаменге ал біздің мамандыққа аударма ісіне бермейді. Бізге айтады ректор, проректорлар что Гос экзаменге пересдача заңды түрде жоқ негізі қайтадан берілмейді тапсырылмайды деп.
ДИАНА СЫЗДЫҚБЕК, АТА-АНА:
Мұғалімдердің арасында ақша жинау болғаннан кейін. Ақша бермесең өткізілмегеннен кейін, ақша жинау керек шығар деген баланың ой бар. Өйткені барлық бала сөйтіп тапсырып жатыр.
МҰХТАР БАЙЖҰМАНОВ, М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
66 бала өте алмай қалған. Енді істелген заң бұзушылығына байланысты өзінің баптары бар. Соған байланысты шара қолданылады. Қазір оның барлығы камераға жазылған. Соның бәрін комиссия қарап, қортынды жасап алып шығады. Бірақ осымен бітті деген сөз емес. Екінші заңмен қарастырылған мүмкіндігі келесі 26 жылы комиссия құрылып қайта тапсырады.
Университетте 11 мыңға жуық студент оқиды. Оның үштен бірі биыл диплом алуы тиіс. Пара беру бойынша әзірге ешқандай дәлел жоқ, бұл қаңқу сөз деп отыр университет басшылығы.