$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Алматыда 20 жыл құжатсыз жүрген әйел жеке куәлік алды

AstanaTV
20.06.2025ж. 18:47
38
Алматыда 20 жыл құжатсыз жүрген әйел жеке куәлік алды
Фото: скриншот

Алматының көші-қон қызметінің қызметкерлері 20 жыл құжатсыз өмір сүрген әйелге көмектесті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан полициясы күніне арналған науқан аясында Алматы көші-қон қызметінің қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіп жатыр.

Полиция мәліметінше, науқан кезінде 20 жыл бойы тиісті құжаттарсыз өмір сүріп келген 1964 жылғы әйел анықталды.

Құжаттың ұзақ уақыт болмауына 1974 жылғы үлгідегі кеңестік “қызыл” төлқұжаттың жоғалуы себеп болған. Әйел қиын жағдайға тап болған: ол зейнетақы төлемдерін рәсімдей алмады, тұрақты баспанасы болмады. Көші-қон қызметі көмегінің арқасында, қажетті растайтын құжаттарды жинақтағаннан кейін әйел Қазақстан Республикасының азаматы болып танылып, жеке куәлік берілді, - деп хабарлады полиция департаменті.