$521.57 €601.01 ₽6.65
×

АЭС құрылысы 2-3 жылда басталады

20.06.2025ж. 20:00
153
АЭС құрылысы 2-3 жылда басталады

АЭС – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтатын ірі жоба болмақ. Станцияның құрылысы алдағы 2-3 жылда басталады. Ал оған дейін жоба барлық техникалық және заңнамалық рәсімдерден өтеді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов айтты. Ауқымды құрылысқа кемінде 10 мың маман жұмылдырылса, станция іске қосылғаннан кейін тұрақты түрде 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналаспақ. Қуаты 2,5 мың мегаваттан асатын бұл стратегиялық нысан шамамен 3 миллион үйді жарықпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Станция өңірдің энергетикалық қана емес, әлеуметтік дамуына да серпін берері анық. Ал жобаның операты ретінде «Росатом» компаниясы таңдалды. Мамандар жетекшілік ететін кәсіпорынның салада тәжірибесі мол екенін айтады.

ӘСЕТ МАХАМБЕТОВ, ҚР АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 

Халықаралық консорциумның басшысын таңдаған кезде бірнеше іріктеу сатысынан өтті. Жан-жақты қарадық. Ал Росатомның өзіне келер болсақ, олардың халықаралық тәжірибесі мол. Себебі, олар сияқты басқа елдерде АЭС салып жатқан ешкім жоқ, саны жағынан. Олар қазірдің өзінде Түркияда, Бангладеште, Египетте станцияларды салып жатыр. Оның алдында Беларус пен Иранда салған еді.