Елімізде балалар денсаулығын нығайту мақсатында саланы қаржыландыру жыл санап артып келеді. Оған медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген. Қызылорда облысында 2023 жылы көпбейінді балалар ауруханасына 700 млн теңгеге, былтыр 256 млн теңгеге қондырғылар алынған. Заманауи құрылғылар балалардағы түрлі ауруларды ерте анықтауға, сапалы ем-шаралар жасауға сеп болып отыр. Сонымен қатар, аймақта мамандар біліктілігін арттыру да жолға қойылған. Бұл бағытта жергілікті бюджет есетінен биылғы жылдың 6 айында 144 млн теңге бөлініп, ақ халаттылар шет елдерде білім жетілдіруге мүмкіндік алған.
МАЯ МИРЗАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Балаларға көмек көрсететін ұйымдарға 700 млн теңге қаралды. Бүгінгі күні құрал-жабдықтар өзінің кезең-кезеңімен келіп жатыр. Тағы да босандыру ұйымы, облыстық перенаталдық ұйым бар. Бұл ұйымның да мат-тех фазасын нығайтуға 430 млн теңге көлемінде былтырдың өзінде қаражат бөлінді.